Жаңалықтар

Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ, ҰЛТ КӨСЕМІ» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті

⚜️Кітапханамызда 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай көрнекті мемлекет қайраткері, публицист, ғалым, «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖАРШЫСЫ, ҰЛТ КӨСЕМІ»

тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.

????Конференцияға тарихшылар, тіл мамандары, студент жастар, оқушылар мен кітапханашылар қауымы қатысты.

????Танымы мен тағылымы мол кеш оқырман қауымды XX ғасырдың басындағы қазақ тарихының ақтаңдақтар беттерімен таныстырды. Іс-шара қонақтары тарихшы ғалымдар қазақ даласын жайлаған ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, сол кезеңдегі ауа көшу тақырыбында әңгіме қозғады.

????Сонымен қатар осы дүрбелең кезеңді өз халқымен бірге басынан өткізген қазақтың біртуар ұлы Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның өмірі жайлы ғибратты әңгімелер айтылды.

https://www.facebook.com/share/r/17dXsRdn1T/