AMANAT: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
AMANAT: МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Шымкент қаласында рухани сала өкілдеріне құрмет көрсетіліп, бірқатар азамат арнайы марапатталды. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен мерекелік жиында мәдениет пен өнер саласында ұзақ жылдар еңбек етіп жүрген азаматтарға партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің алғыс хаттары табысталды.
Марапаттарды партияның Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Ербол Байқонысов табыстап, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде мәдениет пен өнер — ұлттың рухани тірегі екенін атап өтіп, осы бағытта еңбек етіп жүрген жандардың қоғамдағы орны ерекше екенін айтты.
«Мәдениет пен өнер — халықтың рухани болмысын айқындайтын маңызды сала. Сіздер ұлттық құндылықтарды насихаттап, жас ұрпақтың тәрбиесіне, рухани дамуына үлкен үлес қосып келесіздер. Өнерге адал қызмет етіп жүрген барша азаматтарға партия атынан шынайы алғысымызды білдіреміз», — деді Ербол Байқонысов.
Марапатталғандардың қатарында айтыскер ақындар, театр әртістері, өнер мектептерінің жетекшілері мен кітапхана қызметкерлері бар. Олардың әрқайсысы мәдениет саласының дамуына өзіндік үлес қосып, ұлттық өнер мен руханиятты дәріптеу бағытында жемісті еңбек етіп келеді.
Өнер иелері кәсіби мереке қарсаңында көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, мұндай қолдаулар шығармашылық адамдарына ерекше мотивация беретінін атап өтті.
https://www.facebook.com/share/p/1XZRbULFRC/