Жаңалықтар

«МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ»

✨ «МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ТІРЕГІ» ✨

???? Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

???? 21 мамыр – руханият пен өркениеттің алтын арқауын жалғап келе жатқан мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

???? Мәдениет – ұлттың жаны, ал өнер – сол жанның үні. Халықтың тарихи жадын жаңғыртып, рухани құндылықтарын ұрпақ санасына сіңіру жолында аянбай еңбек етіп жүрген мәдениет майталмандарына қоғамның құрметі әрдайым биік.

????️ Сіздердің еселі еңбектеріңіздің арқасында ұлттық мұрамыз ұлықталып, кітап пен білімнің қадірі артып, рухани кеңістігіміз байып келеді. Әрбір мәдени шара, әрбір әдеби кеш, әрбір өнер туындысы – ел руханиятына қосылған өлшеусіз үлес.

???? Осынау айтулы мереке күні мәдениет пен өнер саласында қызмет етіп жүрген барша азаматтарға шығармашылық шабыт, толайым табыс, зор денсаулық және ел игілігі жолындағы еңбектеріне береке тілеймін. Руханият шамын сөндірмей, ұлт мәдениетінің мерейін асыра беріңіздер!

???? Ізгі ниетпен,
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры,
филология ғылымдарының кандидаты,
айтыскер ақын Анар Абусайылқызы ЖАППАРҚҰЛОВА