21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай кітапхана қызметкерлері арасында интеллектуалды QUIZ ойыны ұйымдастырылды.
21 мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай кітапхана қызметкерлері арасында интеллектуалды QUIZ ойыны ұйымдастырылды.
Сайысқа он адамнан құралған үш топ қатысып, ойын шарттары бойынша білім мен жылдамдықтарын сынға салды.
«Алғырлар», «Ақсұңқар», «Тапқырлар» топтарының қатысушылары тартысты әрі қызықты кезеңдерден өтіп, өзара ұйымшылдық пен тапқырлықтарын көрсетті.
Интеллектуалды дода көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтты. Үш топтың ішінен «Тапқырлар» командасы жеңіп, естелік сыйлықтармен марапатталды. Барша әріптестерімізге белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз.
Мереке құтты болсын!
https://www.facebook.com/share/r/1Bw5P1A4Fd/