Жаңалықтар

Ақын, жазушы Тұрлыбек Сабырбек Нұрманұлының 70 жасқа толуына орай « Арманы елмен тоғысқан» атты кездесу кеш өтті

⚜️Бүгін кітапханамызда Ақын, жазушы Тұрлыбек Сабырбек Нұрманұлының 70 жасқа толуына орай « Арманы елмен тоғысқан» атты кездесу кеш өтті. Кешті Қазақстан жазушылар одағының мүшесі ақын Марғуба Мұхтарқызы жүргізді. Кешке «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Ханбибі Есенқарақызы. Кештің құрметті қонақтары Ақын, аудармашы, журналист Алаш халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты ,К. Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Нармахан Бегалыұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,жазушы Шойбек Орынбай Қазақстанның Құрметті жазушысы, ақын Баян Тленшина және Парасат колледжі, Болашақ колледж студенттері және Түркістан облыстық жоғары, көпсалалы аграрлық колледж студенттері қатысты.

​Кешті кітапханамыздың директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Абусайылқызы ашып берді. Ақынның өмір жолы, шығармашылығы туралы айтып өтті.

​Кітапхана қызметкері Д. Тұрмаханова ән салып, кеш барысында Ақын Сабырбек Нұрманұлының өлеңдерінен ЖББ №26,№126,№35,№45 мектеп оқушылары әдеби композиция оқыды. Ақын Сабырбек Нұрманұлының мерейлі жасымен арнайы құттықтап келген достары, туысқандары сөз сөйлеп ақын ағамызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тіледі.