Бүгін кітапханамызда «Жолдар,жолдар мені алыс апарыңдар...» атты тарихи танымдық кеш өтті
Бүгін кітапханамызда «Жолдар,жолдар мені алыс апарыңдар...» атты тарихи танымдық кеш өтті.
Елімізге белгілі ақын, аудармашы, журналист, К.Симонов атындағы халықаралық әдеби сыйлық пен алтын медаль иегері, Халықаралық «Алаш» әдеи сыйлығының лауреаты Н.Бегалыұлы, жазушы Ж.Сыдықбайұлы,Қазақстанның Құрметті журналисі Ә.Ағыбай, ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі Т.Әлжігіттің еліміздің тарихи жерлері мен көршілес Өзбекстан, Қарақалпақстан елдеріне жасаған саяхаттарына арналған тағылымды кешке зиялы қауым өкілдері мен Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Ж.Тәшенев атындағы университтеттің студенттері қатысты.
Кеш барысында Н.Бегалыұлынан бастап, әрқайсысы әр сапарларындағы қызықты оқиғалар, мәдени құндылықтары бойынша сыр шертіп, алған әсерлерімен бөлісті. Сапарлары бойынша бейнебаян көрсетілді.
Кеш тізгінін ұстаған кітапхана директоры Анар Абусайылқызы осы саяхаттың тағылымдық жағына тыңдарман назарын аударса, Қаратау өнер мектебінің шәкірттерінің төгілте тартқан күйлері, кітапхана қызметкерлерінің ақын Н.Бегалыұлы өлеңдеріне арналған әдеби композиция көпшілікті бір серпілтіп тастады. Арыс қаласынан келген бір топ қаламгерлер ыстық лебіздерін жеткізіп, тарихи маңызына жоғары баға берді.
https://www.facebook.com/share/r/18j84q1qdt/