Жаңалықтар

ЖАРЛЫҚТЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАУ

ЖАРЛЫҚТЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАУ

????️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын насихаттау және талқылауға арналған тағылымды кездесу өтті.

⚜️Шара барысында кітапхана директоры Анар Абусайылқызы Президент Жарлығының қоғам үшін маңызына тоқталды. Сонымен қатар кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – ұлт болашағына жасалған маңызды қадам екенін атап өтті.

????Талқылауда кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Батырбайқызы баяндама жасап, Жарлық аясында жүзеге асырылатын негізгі бағыттар мен кітапхана саласындағы алдағы міндеттер туралы кеңінен таныстырды.

????Жиында кітапханалардың рухани-мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейту, жастардың кітапқа қызығушылығын арттыру, цифрлық ресурстарды дамыту және оқырман мәдениетін жаңа деңгейге көтеру мәселелері жан-жақты талқыланды.

????«Оқитын ұлт – озық ұлт» қағидасын негізге алған бұл бастама елдің рухани әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.