Жаңалықтар

«Жазушы әлеміне әдеби сапар»

«Жазушы әлеміне әдеби сапар»

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бір қала – бір кітап» қалалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Нәсіреддин Серәлиевтің шығармашылығына арналған «Жазушы әлеміне әдеби сапар» атты танымдық әдеби кеш өтті.

????Кеш барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығы кеңінен насихатталып, тағылымды туындылары әдеби-композициялар, баяндамалар мен естеліктер арқылы көрерменге жол тартты. Жазушының «Қоңыр қаз», «Мамыр түні», «Ыстық күлше» секілді шығармалары негізінде көркем қойылымдар ұсынылып, әдеби орта өкілдері мен зиялы қауым әсерлі ой-пікірлерімен бөлісті.

????Шараға Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласы бойынша филиалының өкілдері, жазушылар, кітапхана қызметкерлері, студент жастар мен жазушының отбасы мүшелері қатысып, Нәсіреддин Серәлиевтің қазақ әдебиетіндегі орны жайында тағылымды әңгімелер өрбіді.

????Кеш соңында қатысушылар жазушы рухына тағзым етіп, рухани кештен ерекше әсер алды.

????Модератор - көпшілік іс-шаралар секторының басшысы Айгерім Төребайқызы Алдабергенова.

https://www.facebook.com/share/r/1J5xeSsn2W/