Жаңалықтар

«Әже, ертегі оқып берші»

«Ақерке» балалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Әже, ертегі оқып берші» жобасы жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында өткізілді. Жоба барысында Тулеева Гаухар әжеміз балаларға қазақ халық ертегілерін оқып беріп, ертегі арқылы мейірімділікке, адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге және жақсылыққа тәрбиелеу көзделді.

Шараға қатысқан балалар ертегі тыңдап қана қоймай, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, жоба балалардың тіл байлығын дамытып, қиялын ұштауға және кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ықпал етті.