Жаңалықтар

«Бәрін білгім келеді» үйірмесі

«Бәрін білгім келеді» үйірмесі.

Жеңіс күні – бұл тек тарих парағы емес, ата-бабаларымыздың өшпес ерлігі мен қаһармандығының символы. Сурет үйірмесінің бұл көрмесі – өткенге тағзым, болашаққа үміт көпірі. Аталған үйірме жұмыстары Ұлы Жеңіс күніне тарту ретінде дайындалды. Жас таланттар өз туындыларында Мәңгілік алау мен бейбіт өмірдің көріністерін бейнеледі. Үйірменің мақсаты оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді ояту, тарихқа құрметпен қарауды қалыптастыру және бейнелеу өнері арқылы тарихи оқиғаларды жаңғырту.