«Ерлік – ұрпаққа аманат» атты кездесу кеші өтті
Кітапханамызда «Ерлік – ұрпаққа аманат» атты ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының аға оқытушысы, полиция полковнигі, ақын Айболат Тілеубайұлымен тағылымды кездесу кеші өтті.
Кешті кітапханамыздың директоры, ф.ғ.к. Анар Жаппаркулова ашып, жас ұрпаққа тағылым берер мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.
Кездесу барысында жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қаласындағы өкілетті өкілі Момбек Әбдәкімұлы, Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі, "Қазақ тілінің жанашыры" "Құрмет белгісінің" иегері, қоғам қайраткері Қабыл Дүйсенбі және Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, сазгер, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Сайрам ауданының құрметті азаматы Бағдат Алтаев кеш қонағы жайлы жылы естеліктерімен бөлісіп, ақ тілектерін арнады.
Сондай-ақ, Айболат Тілеубайұлы өзінің қызмет жолы мен ел игілігі жолындағы елеулі еңбегі туралы әсерлі әңгімелер айтып, жастарға өнеге боларлық тағылымды ойларымен бөлісіп, «Жастарға өсиет» термесін орындап берді. ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының курсанттары Айболат Тілеубайұлымен бірге «Полиция әнұраны», «Бауыржан маршы» әндерін хормен орындап, көрермендерге ерекше патриоттық сезім сыйлады.Кітапхана қызметкерлері ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.
Бұл кеш – жас буынға жігер беріп, отансүйгіштік сезімін арттыратын, ерлік пен парасатты дәріптейтін тағылымды басқосу болды.