Жаңалықтар

«Кітапхананың цифрлық дәуірдегі жаңа мүмкіндіктері» атты қалалық семинар-тренингі өтті!

«Кітапхананың цифрлық дәуірдегі жаңа мүмкіндіктері» атты қалалық семинар-тренингі өтті!

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында кітапхана ісін заманауи талаптарға сай дамытуға бағытталған мазмұнды семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Кітапхана директоры Жаппаркулова Анар Абусайылқызының алғы сөзімен ашылған семинар-тренингті директор орынбасары Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызы жүргізді. Семинар барысында «Цифрлық сауаттылық және ЖИ арқылы тиімді жұмыс» тақырыбында «Shymkent Hub» технопаркінің менеджері Тұңғышбай Ислам жаңа қосымшалар мен бағдарламалар туралы ақпаратпен бөліссе, «Смарт-кітапхана: сайт пен QR-код арқылы жаңа форматтағы қызмет» тақырыбында ІТ маман Б.Жакашев мазмұнды баяндама жасады.

Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ақпараттық-библиография бөлімінің басшысы Г.Асилбекова, құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы С.Сейтбекова электронды құжаттарды тіркеу есепке алу және дәстүрлі библиографиялық қызметтің маңызы жөнінде тың ақпараттармен бөлісті. Директор орынбасары Гүлмира Батырбайқызы Алматы қаласында өткен V Халықаралық Фараби форумы және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің кітапханасы туралы әңгімеледі.

Іс-шара аясында ұйымдастырылған Quiz интеллектуалды ойыны қатысушылардың қызығушылығын арттырып, кітапханашылардың белсенділігін айқындай түсті.

Аталған семинар кәсіби тәжірибе алмасу алаңына айналып, кітапханашыларға жаңа серпін беріп, даму жолында тың мүмкіндіктер ашты!