Жаңалықтар

ДАРАБОЗ ДАРЫН ИЕСІ

ДАРАБОЗ ДАРЫН ИЕСІ

⚜️Кітапханамызда жазушы, журналист, сазгер, драматург, аудармашы Ерсін Қойбағаровтың туғанына 80 жыл толуына орай «Дарабоз дарын иесі» атты еске алу кеші жоғары деңгейде өтті.

????Тағылымды шарада қаламгердің көпқырлы шығармашылығы кеңінен сөз болып, оның әдебиет пен руханиятқа қосқан сүбелі үлесі жан-жақты дәріптелді.

????Шараны кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы ЖАППАРҚҰЛОВА ашып, зиялы қауым өкілдері, қаламгер әріптестері мен туған-туыстары естеліктерімен бөлісіп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

????Айтыскер ақын Мейіржан Жақыптың арнауы кеш шырайын аша түссе, студенттердің әдеби композициялары көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар ән-күймен әрленген кеш көркем мазмұнмен өріліп, әсерлі атмосферада өтті.

????Тағылымы мол кеш – дара тұлғаның өнегелі өмір жолын ұлықтап, кейінгі буынға рухани серпін берген маңызды басқосу болды.

https://www.facebook.com/share/r/1LGQHVtbYX/