«Ата Заң-арқауым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Ата Заң-арқауым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, ардагер оқырмандар қатысқан іс-шара тізгінін ұстаған директор орынбасары Гүлмира Батырбайқызы Жаңа Ата заңымыздағы басты өзгерістер мен өзекті мәселелерді атап өтті.
Шараға қатысқан Қазақстанның Құрметті жазушылары Б.Қаршалов, С.Исақ, әскери медицина қызметінің полковнигі Б.Әбілдаев Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап келе жатқандығы Атазаңда алғаш рет көрініс тауып отырғандығын тілге тиек етсе, тарихшы ұстаз Б.Ералиев Конституцияның жаңа жобасына, «мемлекеттің ең басты байлығы-адам» деген негізгі өзегіне, тағы да басты құндылықтары бойынша кеңінен сараптама жасады.
Жалпы ұлттық құндылықтарға негізделген Жаңа Конституция бойынша бөлім басшылары А.Байділдаева, Г.Асилбекова, С.Байдуллаева мазмұнды баяндама жасап, кітапхана директоры Анар Абусайылқызы Жаңа конституция біздің мүддеміздің, құқығымыздың лайықты қорғалуына кепіл болатыны сөзсіз екендігін алға тарта, Ата заңымызға құрметпен қарау қажеттігіне ерекше тоқталып, шараны қорытындылады.