ШЫМКЕНТТЕ «РУХАНИЯТҚА ЖОЛ – КІТАПТАН» АПТАЛЫҒЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
ШЫМКЕНТТЕ «РУХАНИЯТҚА ЖОЛ – КІТАПТАН» АПТАЛЫҒЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Руханиятқа жол – кітаптан» атты апталық мәдени іс-шара өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған рухани бастама қорытындыланып, қала тұрғындарын кітап айналасына топтастырған ауқымды жоба жоғары деңгейде аяқталды.
Іс-шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, апталық барысында қалалық кітапханалар білім мен мәдениеттің ашық алаңына айналды. Әдеби кештер, кітап көрмелері, оқу марафондары, авторлармен кездесулер және ашық аспан астындағы оқу аймақтары тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттырды.
Салтанатты қорытынды кеште кітапхана саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың рухани құндылықтарды насихаттаудағы еңбегі ерекше аталып өтті. Марапаттау рәсімі сала мамандарының мәртебесін арттырып, олардың қоғамдағы рөлін айқындай түсті.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Момбек Әбдіәкімұлы сөз сөйлеп, кітаптың қоғамдағы маңызына тоқталды.