Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығарма желісі бойынша түсірілген фильмі көрсетіліп, оқушылармен талқыланды
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен №75 мектеп-гимназиясында «Кітаптан киноға» жобасының аясында қазақ әдебиеті мен кино өнеріндегі ерекше туынды - жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» шығарма желісі бойынша түсірілген фильмі көрсетіліп, оқушылармен талқыланды.
Шара барысында Мұхтар Әуезовтің шығармасындағы адам мен табиғат арасындағы үйлесім, туындының көркемдік астары, авторлық идея тұрғысында пікір алмасу ұйымдастырылды.
Қатысушылар сөз өнері мен кино өнеріндегі авторлық шеберліктен танымдық эстетикалық тәрбиелік сабақ алды.
https://www.facebook.com/share/r/1cTVUu5PW9/
#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026