«Кітапханашы күнделігі»
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, ҚР кітапханашылар одағының төрайымы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиеваның «Кітапханашы күнделігі» кітабы - кітапханашы мамандығының мәні мен маңызын, оның қоғамдағы рөлін, рухани құндылықтарды дәріптеудегі қызметін терең ашып көрсететін туынды.
Кітапта автордың кәсіби тәжірибесі, ой-толғамдары, кітапхана ісіне көзқарасы, өмірлік пайымдары жөнінде жазылғаны баршаға аян.
Ұлттық кітап күні мерекесі барысындағы Ғазиза Құдайбергенқызының бейнеқұттықтауынан кейін «Кітапханашы күнделігі» туралы бейнеролик көрсетіліп, Әл-Фараби кітапханасының бөлім басшысы Айгерім Алдабергенова әсерлі монолог оқыды.
Әл-Фараби кітапханасы Бас кітапханашының «Кітапханашы күнделігі» кітабында ұсынған кітаптар тізімін, есімдер көрсеткішін, отандық және шет елдік тұлғалардың, автордың ой – толғамдарын жинақтап, библиографиялық көрсеткіш құрастырып, көпшілікке ұсынды.
https://www.facebook.com/share/r/1GdGkGS6SP/
#ҰлттықКітапКүні2026
#НациональныйДеньКниги2026