РУХАНИЯТ ТҮНІ – ЖҮРЕКТЕ ҚАЛҒАН ӘСЕРЛІ КЕШ
РУХАНИЯТ ТҮНІ – ЖҮРЕКТЕ ҚАЛҒАН ӘСЕРЛІ КЕШ
«Руханиятқа жол – кітаптан» акциясы аясында өткен «Түнгі кітапхана» шарасы оқырман қауымға ерекше әсер сыйлады. Поэзия әлемінің алып бәйтерегіне айналған асқаралы тұлға - Мұхтар Шахановтың отты жырларын, өмірі мен шығармашылығын жатқа айтатын жалынды жастар ақынды сағынышпен еске алды.
Кеш барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Нәсіреддин Сералиев шығармалары кеңінен талданып, оның қаламынан туған туындылардың тағылымы мен тереңдігі жан-жақты ашылды.
Кітапсүйер қауым кешкі тыныштықта рухани әлемге бойлап, әдебиет арқылы ой бөлісіп, әсерлі пікірлерімен бөлісті. Әдеби талқылау, мазмұнды сұхбат, жылы атмосфера – бәрі бірігіп, бұл кешті нағыз рухани мерекеге айналдырды.
Түн тыныштығында өткен бұл жүздесу әр қатысушының жүрегінде кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, рухани байлыққа бастар жолдың айқын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Түнгі кітапхана» жобасы мен кітап талқылау сынды тағылымды кештер алдағы уақытта да жалғасын табады!
https://www.facebook.com/share/r/1CQUTFDQ1i/