Жаңалықтар

Мұхтар Шерімнің «Ақылды ақымақтар»атты сатиралық романының таныстырылым кеші өтті

???? 23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне орай Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «Руханиятқа жол – кітаптан мәдени-ағартушылық апталығы» аясында «Сөз өнеріндегі өлкетану» күнінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті жазушысы, сатирик Мұхтар Шерімнің «Ақылды ақымақтар»атты сатиралық романының таныстырылым кеші өтті.

????Таныстырылым кешін - кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова ашып, сатиралық романның қадамына сәттілік тіледі.

????Кеш барысында қаламгердің жаңа туындысы жан-жақты талданып, әдеби орта мен зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдірді.

????Әдебиет пен сатираның қоғамдағы рөлі кеңінен сөз болып, автордың шығармашылығына жоғары баға берілді.

????Сондай-ақ, сатиралық романнан көркем қойылым ұсынылып, автордың шығармашылығы мен өмірінен қызықты естеліктер айтылды. Ән-күймен әрленген рухани кеш мазмұнды әрі әсерлі өтті.

???? Кітап – руханияттың алтын көпірі. Оқуға асығыңыз!