Қадірлі оқырмандар!
Қадірлі оқырмандар!
Кітапханамыздың Сирек кітаптар қорынан «Қолтаңбалар мен қолжазбалар» топтамасынан қоғам және мемлекет қайраткері, «Қазақстанның Еңбек Ері», Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың «Шәмшінің ғұмырлық геометриясы» (Қалдаяқов туралы эсселер) кітабын ұсынамыз.
Автор бұл еңбегінде Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық жолы мен адами ғұмыры туралы сыр шертеді, халқының сүйікті сазгері Шәмшінің тағдырындағы көпшілікке белгісіз оқиғаларды көз алдымызға әкеліп, қазіргі кездегі рухани мәселелерді сараптай отырып, өзіндік ой тастайды.
Кітап қалың оқырманның үлкен ілтипатына, жылы лебізіне ие болған. Кітап көпшілік оқырманға арналған.