Жаңалықтар

V Халықаралық Фараби форумының үшінші күні

????Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде V Халықаралық Фараби форумының қорытынды үшінші күнінде университет қалашығында Наурыз мерекесі тойланды. Әннен шашу шашылып, күйдің күмбірлеген үніне мың бұрала билеген бишілер тобы, айнала тігілген киіз үйлер өзінің жарасымды сән – салтанаты көктемгі табиғат сұлулығымен астаса айналаға ерекше шуақ таратты. Міне, осылай үш күнге созылған форум да өз мәресіне жетті. Форумға Франция, Италия, Польша, Қытай, Түркия және Орталық Азия елдерінен 100-ден астам шетелдік ғалым қатысты.

Әл-Фараби мұрасы мен жаһандық өркениеттің өзара байланысын арқау еткен бұл маңызды алқалы жиында философия, ғылым және руханият тақырыптары кеңінен талқыланды. Форум аясында ғалымдар бас қосып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

????Шараның жабылу рәсімінде ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевпен естелікке суретке түсіп, жылы лебізін тыңдаудың сәті түсті.

✨«Әл-Фараби мұрасы және жаһандық өркениет: философия, ғылым, руханият тоғысы» тақырыбындағы халықаралық конференция – білім мен ойдың, дәстүр мен жаңашылдықтың тоғысқан орны болған тарихи сәттердің куәсі болдық.