Кітапханамыздың қорына «Мархабат» журналының 2026 жылғы №3 саны келіп түсті
Құрметті оқырман
Кітапханамыздың қорына «Мархабат» журналының 2026 жылғы №3 саны келіп түсті. Бұл санда Мархабат Байғұттың «Ақпандағы мысықтар», Алпысбай Мусаевтың ирониялық проза туралы ойлары, Пернебай Сапардың «Он бес сөтке», Ванда Василевскаяның «Стефанның өлімі» секілді қызықты материалдар жарияланған.
Сондай-ақ, Түркияның әдебиеттенушы, профессоры Жемиле Қынажы, ақындар Еділбек Дүйсен пен Құндыз Тасқынбектің танымдық мақалалары мен шығармаларын оқып, таныса аласыздар.
Журналды кітапханамыздан келіп оқуға шақырамыз!