Жаңалықтар

«Руханиятқа жол – кітаптан»

????«Руханиятқа жол – кітаптан»????

⚜️23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Руханиятқа жол – кітаптан» атты мәдени-ағартушылық апталықтың салтанатты ашылуы жоғары деңгейде өтті.

????Мәдени шараға зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, кітапханашылар, жастар мен кітапсүйер оқырмандар қатысты.

????Шараны Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Убайдуллақызы Оңдасынова ашып, Ұлттық кітап пен кітапханашылар күні мерекесімен құттықтады.

????Іс-шара аясында журналист, жазушы Сейдалы Дүйсебайдың «Шежірелі Шымкент. Ескерткіштер сыр шертеді» атты кітабының тұсаукесері өтіп, оқырман қауымға кеңінен таныстырылды.

????Сонымен қатар, кітап көрмелері мен арнайы инсталляциялар ұсынылып, қатысушылар рухани әлемге терең бойлады.

????️Салтанатты жиында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры, Қазақстан Кітапханалар Одағының төрайымы Ғазиза Нұрғалиеваның бейнеқұттықтауы көрсетілді.

????«Руханиятқа жол – кітаптан» апталығы аясындағы «Артық білім - кітапта» атты шарасында кітаптың қоғамдағы рөлін айшықтап, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға және ұлттық руханиятты дамытуға бағытталған маңызды басқосу болды.