«Отбасылық оқу-ұлт болашағы» атты тағылымды кездесу кеші өтті
«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен «Отбасылық оқу-ұлт болашағы» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Шара барысында №138 мектеп оқушылары әдеби композиция ұсынып, кітаптың құндылығын дәріптейтін ән орындады. Кешіміздің құрметті қонағы Дүйсенова Ғалия, қызы Томириспен бірге қатысып, кітап оқудың адам өміріндегі маңызы, оның тұлғалық дамуға әсері және бала тәрбиесіндегі рөлі туралы әсерлі әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында қонақ өз тәжірибесімен бөлісіп, жас оқырмандарды кітапқа жақын болуға, білімге ұмтылуға шақырды. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.