Жаңалықтар

ШЫҒЫСТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР

ШЫҒЫСТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР

Мұхамбет ибн Мұхамбет ибн Тархан Әбу Насыр әл-Фараби өзеннің арғы бетіндегі түріктер қаласы Фарабтан шыккан философ, әр-Ради халифа дәуіріндегі мұсылман философы.

Ол Иракқа келіп, Бағдадта қоныстанды. Онда әл-Мұқтадір күні Меккеде қаза тапқан Иуханна ибн Хайланнан даналық ғылымын оқыды. Ол даналық, ғылымын зерделеуде барша мұсылмандардан дара шығып, басым түсті, оның көмескіленген тұстарының бетін ашты, өте маңызды мәнін тапты, аналитика өнері мен өзге ғылымдарда әл-Кинди және басқа да ғалымдар тарапынан тыс қалған мәселелерге назарын аудара отырып, қажетті мәліметтер қисынды жазылған және айқын нұсқайтын жекелеген кітаптарға жинақтап, түсінікті жасады. Кітаптарында логиканың бес пәні туралы сөзге түсіндірме берді, олардың қандай қатынастарда пайдалы екенін көрсетті, пайдалану тәсілдерін ұсынды және әрбір пәнде силлогизм фигураларын қалай жүзеге асыру қажеттігін түсіндірді. Оның логикаға қатысты кітаптары мұратқа жеткізетін ең жоғарғы шекара және қазыналы еңбек болды.

Сонымен қатар оның бұрын соңды жүзеге асырылмаған және ешкім түрен салмаған әдісте жазылған, сондықтан ғылымды зерделеушілер басшылыққа алатын «Ғылымдар топтамасы туралы және олардың пәндері жөнінде білімдер» атты кітабы бар.

Сондай-ақ «Платон мен Аристотель философияларының мақсаты туралы» кітабы, оның философия өнері мен даналық ғылымында терең танымын куәландырады. Кітап - зерттеу әдістері зерделенген ең басты көмекші құрал. Онда ғылымдар құпиясы мен пайдасы ашылады, олардың бірінен екіншісіне қалайша сатылап өту қажеттілігі түсіндіріледі.

Бұдан әрі, Платон философиясының мақсаттарын ашады. Сонан соң философияны бірізділікпен қарау мәселесі түсіндірілген (91) көлемді кіріспесінде Аристотель философиясы зерттеледі. Көшірмелері бізге дейін келіп жеткен «теология ғылымдарының негіздері және ол туралы жаратылыстану нені куәландыра алады» зерттеуіндегі пайымдаумен нүктесін қоймайынша,​әл-Фараби​ оның​ мақсаттары логикалық және жаратылыстанулық еңбектерінде егжей-тегжейлі сипаттау үшін кіріседі.

Мен, философияны зерделеушілер үшін бұдан аскан пайдалы кітапты білмеймін, себебі кітапта барлық ғылымдардың маңызы және олардың жекелеген мәні бірізділікпен бекітілген. Бұл кітаптың жәрдемінсіз барлық ғылымдардың категориялары мен ең басты объектілерін танудың өзге жолы жоқ.

Сонымен қатар оның теология және каланы басқару ғылымдары жөнінде теңдесі жоқ екі кітабы бар. Оның бірі «Саясат» атауымен танымал, екіншісі, «Ізгілікті тұрмыс-салт». Бұл кітаптарында ол Аристотельдің алты рухани бастау ілімін басшылыққа ала, құдірет туралы ғылымның ұлы қорытындыларын ұсынды және қалайша физикалық жауһарлар дүниенің құрылысы мен даналықтан шығатынын түсіндірді. Сондай-ақ онда адамның жете алатын дәрежесін және оның рухани әлеуетін анықтады, философиядан уаһиды бөлді, ізгілікті және надан калалар түрлерін сипатгады, мемлекеттік кұрылыс пен уаһилық заңдар қаласына кажеттілікті көрсетті.

Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Бишр Матта ибн Жүністен жасы кіші замандасы бола тұра білімі жағынан көш ілгері алға кетті. Ол уакытта, Бағдад пен Шығыстың өзге де мұсылман калаларының ғалымдары Матта ибн Жүністің логика жөніндегі кітаптарына және оларға жазылған шәрхтерге шүбәсіз ақикат ретінде сүйенетін. Әбу Бишр Бағдадта әр-Ради халифа билік құрған кезде дүниеден өтті.

Әбу Насыр әл-Фараби, Сайф ад-Даула Әбіл-Хасан Әли ибн Әбіл-Хиджа Абдулла ибн Хамдан билік құрған кезде Халебке келді және оның қамкорында бірқатар уақыт сопы ретінде болды. Сайф ад-Даула оның ғылымдағы жағдайы мен ғылыми дәрежесін көтере отырып қайырымдылық көрсетті. Әл-Фараби Сайф ад-Дауламен бірге Дамаскке көшіп барады да хижраның 339 жылы өмірден озғанға дейін сонда болады.

Ибн әл-Қифти

(1172 - 1248)