Жаңалықтар

«Әділет пен заң – әр адамның серігі» атты кездесу кеші өтті

????Бүгін Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Әділет пен заң – әр адамның серігі» атты кездесу кеші өтті. Кешті кітапханамыздың директоры, ф.ғ.к Анар Жаппаркулова ашып берді. Кештің негізгі мақсаты – қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, жастарға заңның маңыздылығын түсіндіру және әділеттілік қағидаларын насихаттау болды.

????Іс-шараға Шымкент ҚПД Әл-Фараби аудандық полиция қызметкерлері Д.Искакова, М.Жұмағұл және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Заң факультетінің «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушысы А.Алимкулова қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті құқықтық мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Кездесу барысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, азаматтық жауапкершілік, заң үстемдігі сынды маңызды тақырыптар кеңінен қозғалды. Кездесу мазмұнды сұрақ-жауап алаңына ұласып, викториналық сұрақтар ойнатылып, студенттердің құқықтық сауатын арттыруға, ой-пікірін еркін жеткізуіне мүмкіндік берді. Осындай тағылымды басқосулар жастардың құқыққа деген құрметін қалыптастырып, қоғамдағы әділет пен заңның маңызын терең түсінуге жол ашады.

https://www.facebook.com/share/v/1BGSFhTYTA/