Жаңалықтар

Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 160 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты тарихи кеш өткізді

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы №80 ІТ мектеп-лицейімен бірлесе отырып, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 160 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты тарихи кеш өткізді. Іс-шарада оқушылар арасында дебат ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар Әлихан Бөкейхановтың қазақ еліне, жеріне жасаған еңбектері, оның идеялары мен қазіргі қоғам үшін маңызы туралы өз көзқарастарын білдіріп, пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар оқырмандар алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмір жолымен танысып, оның саяси көзқарастары мен ел болашағы үшін атқарған қызметтері туралы мәліметтер алды. Шара соңында дебатқа белсене қатысқан оқырмандарға кітапхана директорының алғыс хаты табысталды.

https://www.facebook.com/share/r/1XwDiLfx3G/