“ҰЛТ МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН ДАРА ТҰЛҒА” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
“ҰЛТ МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН ДАРА ТҰЛҒА” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Биыл - қоғам қайраткері, этнограф-ғалым, ұлт жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл. Атаулы мерейтойға орай, қаладағы әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада “Ұлт мәдениетін ұлықтаған дара тұлға” тақырыбында республикалық ғылыми конференция өтті. Ғылыми шараға жергілікті және еліміздің басқа өңірлерінен келген зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтар болсақ, Алматы қаласынан тарихшы, этнолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері - Ахмет Тоқтабай, Түркістан қаласынан Өзбекәлі Жәнібековтің қарындасы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, “Ы. Алтынсарин” төсбелгісінің иегері - Айғаным Серім, сондай-ақ, Астана қаласынан К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті Музыкалық орындаушылық және педагогика кафедрасының меңгерушісі - Дархан Кожебаев келіп, конференцияның құрметті қонағы болды. Ғылыми конференцияның мақсаты - этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің бай рухани мұрасын жан-жақты зерделеу, оның ұлттық мәдениетті сақтау мен дамыту жолындағы еңбектерін насихаттау, сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жас ұрпақтың тарихи санасы мен рухани дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ету болды. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.
https://shymkala.kz/ult-maedenietin-ulyqtaghan-dara-tulgha-respwblikalyq-ghylymi-konferenciyasy-oetti%e2%81%a3%e2%81%a3%e2%a0%80/