«КІТАП - ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ»
«КІТАП - ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМ»
«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен 2 сәуір — Халықаралық балалар кітап күніне орай «Кітап- ғажайып әлем» атты іс- шара өткізілді.
Шараны кітапханамыздың директоры, ф, ғ, к, А. Жаппаркулова ашып, кітап- адамзаттың ең асыл қазынасы, кітап оқу арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатыны жайлы айта келіп, шараға қатысушыларды кітап оқуға шақырды.
Шарамызға қаламыздағы мектеп оқушылары қатысып, сүйікті ертегілер кейіпкерлерімен, қызықты кітап көрмелерімен танысып, түрлі ойындар мен мақал- мәтелдер айтудан жарысты. Шара соңында белсене қатысқан ұстаздарға алғыс хаттар тапсырылды.