«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Ақпараттық-библиография бөлімі, №59 Жалпы білім беретін мектептің 8 «В» сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті. Жазушы, драматург Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасы талданып, Семей ядролық полигонының қасіреті туралы ой толғаныстарын ортаға салынды. Оқушылар шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, кейіпкерлер тағдырын талдады. Кеш барысында оқырмандар назарына Р.Мұқанова туралы бейнеролик ұсынылды.
Іс шарада әсерлі өлеңдер оқылып, мейірімділік пен қамқорлық жайлы әңгімелер айтылды.
№59 ЖББ мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л. Имашева, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Х. Баратова, сынып жетекшісі А. Еркінбекова қатысып шығарма кейіпкері туралы керемет ойларымен бөлісті.
Кеш соңында оқушыларға кітапхана атынан сый табысталды.