Қ.Р. Мәдениет қайраткері, әртіс Айжан Жұмабекованың мерейлі 80 жас толуына орай «Өнермен шыңдалған өмір» атты сыр-сұхбат өтті
Кітапханамызда 27 - наурыз Халықаралық театр күні мерекесіне арналған Қ.Р. Мәдениет қайраткері, әртіс Айжан Жұмабекованың мерейлі 80 жас толуына орай «Өнермен шыңдалған өмір» атты сыр-сұхбат өтті.
Сыр-сұхбатқа ҚР мәдениет саласының үздігі, Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртісі Қапиза Байымбетова, Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртістері Ерлан Қалдарбеков, Молдалиева Бибігүл, Бауыржан Сегізбаев, Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының музей меңгерушісі Қымбат Махамбетқызы қатысып мерейтой иесінің өнер мен өмір жолдарын әсерлі әңгімелеп, ыстық лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» бөлім басшысы Турашбекова Рахима Құрбанқызы құттықтау сөздерін айтып, орталықтың ардагерлері өнерлерін мерейтой иесіне паш етті. Көрермендерге Айжан Жұмабекованың өмірі мен шығармашылығын баяндайтын бейнеролик көрсетілді және №2 Оқушылар сарайының оқушылары мерейтой иесіне арнайы құттықтау өлеңдерін оқып берді.