"Шебер қолдар" үйірмесінің кезекті сабағы өткізілді
«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен өткен «Шебер қолдар» үйірмесінде оқушылар қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Шаңырақ» және қазақи ою-өрнектермен безендірілген бұйымдар жасауды үйренді. Үйірме барысында балалардың қолөнерге деген қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттері дамыды. Сонымен қатар, оқушылар ұлттық мәдениетті құрметтеуге, ата-баба мұрасын бағалауға тәрбиеленді. Жұмыс барысында түрлі материалдарды пайдаланып, әсем әрі мағыналы бұйымдар дайындады.