Жаңалықтар

«Үміт» мектеп интернатында «Жылы жүрек — өмір шуағы» тақырыбында мейірімділік кеші өткізілді

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Кедергісіз кітапхана» әлеуметтік жобасы аясында «Үміт» мектеп интернатында «Жылы жүрек — өмір шуағы» тақырыбында мейірімділік кеші өткізілді.

Мерекелік кештің негізгі мақсаты – мейірімділік, адамгершілікті насихаттау болды. Іс-шарада әсерлі өлеңдер оқылып, мейірімділік пен қайырымдылық тақырыбында әңгімелер айтылды. Балалардың көңіл-күйін көтеру үшін шырын мен тәттілер берілді. Жүрек жылуын сыйлаған кеш ерекше атмосферада өтті.