Бүгін Әл-Фараби кітапханасы және №2 оқушылар сарайының ұйымдастыруымен 16 наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай «Қолөнер бұйымдарын жасау» шеберлік сабағы өтті.
Сабақ барысында жетекші ұстазы Салтанат Серікқызы және шәкірттері өз қолдарымен жасаған зергерлік бұйымдарын көрермендерге ұсынды. Аталған шара ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға, дәстүрлі қолөнердің сабақтастығын сақтауға ықпал етті. Жас қолөнершілердің көз тартар әшекей бұйымдары көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.