Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Жылы жүрек — өмір шуағы» атты жазушы, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың тифло-редакторы Мадина Ермаханованың «Ұмтылыс» кітабының тұсаукесері өтті.
Шараны кітапханамыздың директоры, ф.ғ.к. А.Жаппаркулова ашып, жазушының шығармасы жайлы ойымен бөлісті.
Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар жазушының шығармасынан үзінділер оқып, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ – нің студенттері әдеби композиция орындады. Жазушының көзі көрмейтін және әлсіз көретін әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, өлең жолдарын арнады.
Дәстүрлі әнші, термеші Тәттімбет Керей және кітапхана қызметкерлері Д.Тұрмаханова, А.Алдабергеновалар ән айтып, көрермендерге әдемі көңіл-күй сыйлады.