Жаңалықтар

«СӨЗ бен САЗ»

«СӨЗ бен САЗ»

⚜️Кітапханамызда «Сөз бен саз» атты ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Ысқақ пен сазгер Мамырғали Байсқа арналған шығармашылық кеш өтті.

????Кеш барысында кітапханамыздың директоры, айтыскер ақын, ф.ғ.к. А.Жаппаркулова және «Өрлеу» БАҰО АҚ «Шымкент қаласындағы кәсіби даму институты» филиалының директоры М.Медетбекова кеш қонақтарына құттықтау сөздерін арнады.

????Шығармашылық кеште ақынның өміршең өлеңдері оқылып, сазгердің әсем әндері орындалды. «Шабыт» би тобы өз өнерлерімен көрермендерді баурап алды. Кешке қатысушылар ақын мен сазгердің шығармашылығымен жақынырақ танысып, керемет туындылары арқылы рухани әсер алды.

????Сондай-ақ, шығармашылық кешке арнайы құттықтап келген қонақтар сөз алып, ақын мен сазгерге жылы лебіздерін білдіріп, сый-сыяпаттарын жасады.

????Шара соңында ақын Әкім ағамыз кешті қорытындылап, кешті ұйымдастырушылар мен кешке белсене қатысушыларға алғысын білдіріп, кітапханамызға өз кітаптарын сыйға тартты.