«Қосжан мен Әкім»
«Қосжан мен Әкім»
Кітапханамызда «Қосжан мен Әкім» атты ақын, журналист Қосжан Мүсірепов пен ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Ысқаққа арналған шығармашылық кеш өтті.
Кешті кітапханамыздың директоры, айтыскер ақын, ф.ғ.к. А.Жаппаркулова ашып, Қосжан мен Әкім аға жайлы жылы лебізін білдірді.
Шығармашылық кеште Қосжан Мүсірепов атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары қос ақынның өлеңдерін оқып, Ордабасы, Мақтаралы аудандарынан келген әншілер әсем әндерін орындады. Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының әртістері «Қосжанның оралуы» атты қойылымынан үзінді қойып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді
Сондай-ақ, кеш барысында айтыскер ақындар А.Леубаева мен Қ.Жылқыбай айтысып, Қосжан Мүсірепов атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы «Қосжан – ұлы тұлға» атты Әкім Ысқақтың әнін орындады.
Кеш соңында елімізге еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері: Б.Тұрғараев, О.Рахманбердиев, Д.Шерімқұлов, К.Төлебаев, И.Әбіш, Ұ.Башенов, П.Есенбек сөз алып, кеш кейіпкерлері жайлы естеліктерімен бөлісті.
Әкім ағамыз кешті қорытындылап, кешті ұйымдастырушылар мен кешке белсене қатысушыларға алғыс хат табыс етті.