Жаңалықтар

Аманхан Әлімұлының «Өткірдің жүзі» кітабын ұсынамыз

Қадірлі оқырмандар!

Кітапханамыздың Сирек кітаптар қорынан «Қолтаңбалар мен қолжазбалар» топтамасынан ақын, журналист, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Аманхан Әлімұлының «Өткірдің жүзі» кітабын ұсынамыз. Қазақ елінің кешегісі мен бүгінгі бет-бейнесі толық көрініс тапқан бұл жинақ көпшілік оқырманға арналған.