Жаңалықтар

«Менің таңдауым - елдің бірлігі»

☑️ Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Менің таңдауым - елдің бірлігі» тақырыбында жаңа конституцияға байланысты кездесу кеші өтті. Кешімізді Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, ф.ғ.к. Жаппаркулова Анар Абусайылқызы ашып, Ата заңымыздың тарихи маңызына тоқталып, бұл жолғы ерекшелектер жайлы айтты.

✨ Кешке «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғ.Ташқараев, "Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеев, "Қарулы күштер ардагерлері" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы филиалының төрағасы С.Онбаев, ҚР Журналистер одағының мүшесі, журналист З.Оралбаева, Шымкент қалалық Жастар орталығының директоры Ж. Жұман, Шымкент қаласы волонтерлар корпусының президенті Ж.Ашимова, Абайтанушы Ә.Исабек қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, жастарға бағыт-бағдар берді.

???? Кеш соңында кітапхана директоры, ф.ғ.к. Жаппаркулова Анар Абусайылқызы мен Шымкент қаласы волонтерлар корпусының президенті Жасмин Ашимова еріктілермен жүйелі әріптестік орнату мақсатында озара келісім шартқа қол қойды.

https://www.facebook.com/share/1cYHWsab9C/