Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” шығармасын талқылады
«Ақерке» балалар залы қаламыздағы N 62 жалпы орта мектебімен бірлесе отырып, қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің атасы Бердібек Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” шығармасын талқылады.
Шара барысында жазушының балалық шағы, ұстаздық қызметі және балалар әдебиетіне қосқан үлесі туралы ақпараттар айтылды.
Сондай-ақ, балалар шығармадағы Қожа бейнесі, оның мінезі, қателіктері мен армандары туралы ой бөлісті. Қожаның тентектігіне қарамастан жүрегі таза, жақсы болуға ұмтылатын бала екенін түсінді.
Талқылау барысында оқушылар адалдық, достық, тәртіптілік сияқты жақсы қасиеттердің маңызын ұқты.