«Кітаптан киноға» жобасы аясында жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы желісі бойынша түсірілген фильмі көрсетілді
Кітапханада «Кітаптан киноға» жобасы аясында жазушы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы желісі бойынша түсірілген фильмі көрсетіліп, оқушылар арасында әсерлі талқылау өтті.
Кеш қонақтары ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, кинорежиссер, көптеген көркем және анимациялық фильмдердің авторы, сценарист Батырхан Дәуренбеков, ҚР Білім беру ісінің үздігі, тарих ғылымдарының магистры, А.П. Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Асылбеков Есбол Сенбекұлы, Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дарменбай Әлия Төлепбергенқызы.
Кеш қонақтары және М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназия оқушылары фильмнің тарихи мәніне, кейіпкерлердің образдарына және оның көркемдік құндылығына ерекше тоқталды. Қазақ халқының ерлігі мен азаттыққа деген ұмтылысы көркем тілмен бейнеленген бұл туынды көрермендерге үлкен ой салды. Сонымен қатар, фильм мен кітап арасындағы үндестік те кеңінен сөз болды.
Кеш барысында «Шымкент концерт» концерттік ұйымының әншілері тақырыпқа сай рухты әндер орындап, іс-шараға арнайы жасалған кітап көрмесіне шолу жасалынды.
https://www.facebook.com/share/r/1QGrfLgt2o/