«Оқитын Қазақстан» жобасы аясында «Ұлдарға ұлағат» атты іс- шара өтті
«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен «Оқитын Қазақстан» жобасы аясында «Ұлдарға ұлағат» атты іс- шара өтті. Шараға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ұлттық музыкалық аспап шебері Утебулатов Самат Кенесұлы және шәкірті «Мұра» ұлттық шығармашылық орталығының бейнелеу өнер жетекшісі Сыдықов Мейірбек Оразбайұлы келіп, ұлттық құндылықтар, патриоттық тәрбие, ер азаматқа тән қасиеттер туралы ойларымен бөлісіп, С. Утебулатов өзі жасаған түрлі ұлттық аспаптарда өнерін көрсетті. М.Сыдықов ұстазы жайлы жылы лебізін білдіріп, қолөнерге қалай келгені, әрбір ер азаматтың сегіз қырлы, бір сырлы болу керектігі жайлы әңгімелеп берді. Шара барысында №138 жалпы орта мектебінің оқушылары әдеби композиция орындап, түрлі сұрақтар қойып, ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын көрсетті. Шараға белсене қатысқан оқырмандарға кітапхана директорының алғыс хаттары берілді.