Жаңалықтар

«Әл-Фараби мұрасы – түркі-мұсылман философиясының алтын діңгегі»

Кітапханамызда ортағасырлық шығыстың ғұлама ғалымы, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесіне арналған «Әл-Фараби мұрасы – түркі-мұсылман философиясының алтын діңгегі» тақырыбында оқырмандар конференциясы өтті.

Іс-шара барысында қазақ даласында дүниеге келіп, түркілік дүниетанымның мүмкіндігін әлемге паш етіп жаһандық өркениетте өшпес із қалдырған ортағасырлық ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғибратты өмірі мен мол мұрасы жайлы кеңінен пікірлер айтылып, ғұламаның еңбектерінен дәйексөздер оқылды.

Конференцияға философтар, тарихшы, мәдениеттанушы, әдебиеттанушы ғалымдар, мектеп мұғалімдері, студент жастар, оқушылар мен кітапханашылар қауымы қатысты.

https://www.facebook.com/share/r/1CEHCrgveu/