КІТАП - ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ
КІТАП - ҰЛТТЫҢ РУХАНИ ҚАЗЫНАСЫ 
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Жыл кітаптары – 2026», «Кітап оқитын ұлт» жобалары аясында ауқымды әдеби-танымдық шара өтті.
Әдеби кешті кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова ашып, күн тәртібіндегі тақырыптарды тарқатып айтты. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы бейне ролик көрсетілді. Тарихи туынды «Тағдыр» романы туралы ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Х.Есенқарақызы ерекше толғаныспен тебірене бөлісті.
Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қаласындағы өкілетті өкілі, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы, журналист, жазушы-драматург Заһардин Қыстаубайұлы «Бір қала – бір кітап» қалалық акциясы бойынша жазушы Н.Сералиевтің «Жаңбыр исі» кітабына тоқталып, қаламгердің өте мейірімді, жүрегі жылы, «Айналайындар» деп бізді өзіне жақын тартып, жанынан тастамай жүретінін тілге тиек етті.
Шара барысында «Жыл таңдауы 2026» кітаптары жайлы әдеби композициялар орындалып, кітапхананың ғылыми хатшысы Жадыра Оразалиева және айтыскер ақын Мейіржан Жақып өз пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар «Кітап оқитын ұлт» жобасының Шымкент қаласы бойынша өкілдері Б.Жақыпов, Д.Қожамбеков сөз алды. Мазмұнды ақпарат ұсынып, ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқуға шақырды.
Әдеби шараның арнайы қонағы ретінде «АМАНАТ партиясы Қаратау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Әлібекұлы қатысты.
Қаламыздағы Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың және Шымкент Университетінің студенттері мен 80 IT мектеп-лицейінің оқушылары әдеби композиция орындады.
Жалпы әдеби кештің мақсатының өзі ұлттық кітап оқу мәдениетін насихаттау, отандық қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен таныту, оқырман мен автор арасындағы рухани байланысты нығайту.
Модератор - Көпшілік іс-шаралар секторының басшысы А.Алдабергенова