Жаңалықтар

«Ұлттық басылым – ұлттың мәртебесі»

Кітапханада 2 ақпан – Ұлттық басылым күніне орай «Ұлттық басылым – ұлттың мәртебесі» тақырыбында жас журналистермен кездесу кеші өткізілді.

Кездесуге қоғамдық саяси «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі Гүлжауһар Бажақай, халықаралық қоғамдық-саяси, әдеби-көркем, мәдени-әлеуметтік, тарихи-танымдық «Мархабат» журналының бас редакторы, ақын Сезім Мергенбай, және республикалық қоғамдық апталық «Қызмет» газетінің тілшісі Әлия Әуесбекова, ақпараттық-сараптамалық апталық «Рейтинг» газетінің тілшісі Абылайхан Есімбай қатысты.

Кәсіби журналистер Ұлттық басылымның қоғамдағы рөлін айқындап, өзекті оқиғаларды талдап, сараптап, қоғамдағы түйіткіл дүниелерді көтеру сынды бүгінгі басылымдардың міндеттерін оқырман жастарға тереңірек таныстыра отырып, кеңінен ақпарат берді.

«Шымкент концерт» концертік ұйымының әншісі Бекзат Сәкенұлы халық әндерін тамылжыта орындады.

Кітапхананың директоры, ф.ғ.к. Анар Жаппарқұлова жүргізген кеште

«Ұлттық басылым – ұлттың мәртебесі» атты кеңейтілген кітап көрмесі жастарға таныстырылды.

https://www.facebook.com/share/r/1DHfDiENdQ/