Жаңалықтар

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП»

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП»

⚜️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандардың қатысуымен өзекті қоғамдық тақырыптарды арқау еткен мазмұнды жиын өтті.

????Тағылымды шараны кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова ашып беріп, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының 2026 жылғы таңдауын таныстырды.

????Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатында айтылған маңызды ойлар талданып, «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Айдар Құлжан, Ұлттық Құрылтай мүшесі, айтыскер ақын, ҚАРАТАУ дәстүрлі өнер мектебінің директоры Біржан Байтуов V Ұлттық құрылтайда көтерілген қоғамдық-саяси бастамаларды жиынға қатысушыларға түсіндіріп өтті. Сондай-ақ Цифрландыру басқармасы маманы Әділет Нұрғисаұлы 2026 жыл – Цифрландыру жылы аясында жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытта жоспарланған мемлекеттік жобалар жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды.

????Жиын аясында қалалық «Бір қала – бір кітап» жобасының 2025 жылғы қорытындылары жарияланып, 2026 жылдың «Жыл кітабын» таңдау мәселесі көпшілік назарына ұсынылады. Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қаласындағы өкілетті өкілі Момбек Әбдіәкімұлының төрағалығымен жергілікті қаламгерлердің кітаптары дауысқа салынды. Нәтижесінде жазушы, қарымды қаламгер Нәсреддин Сералиевтің «Жаңбыр иісі» кітабы «Бір қала – бір кітап» жобасының жыл бойы оқылатын болып шешілді.

????Бұл бастамалар оқырман мәдениетін арттыруға және кітап оқуды кеңінен насихаттауға бағытталған шаралардың бастамасы. Оқитын ұлтқа бірге айналайық!

????Модератор - кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Батырбайқызы Алпысбаева.