«Қаламгер, қайраткер – Бибі-Ана» немесе «БИБІ - САНА» кітабының таныстырылымы
«Қаламгер, қайраткер – Бибі-Ана» немесе «БИБІ - САНА» кітабының таныстырылымы
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат», І дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының «Қаламгер, қайраткер – Бибі-Ана» атты таныстырылым кеші өтті.
Кешті Қазақстан Жазушылар Одағының Шымкент қаласындағы өкілеттігінің өкілі, жазушы, тарихшы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Момбек Әбдіәкімұлы ашып берді.
«Бибі-Сана» – адам жанының терең қатпарларын, сана мен тағдыр, рух пен жауапкершілік, әйел болмысы мен ұлттық сананы көркемдік биікте зерделеген тағдырлы шығарма. Романда басты кейіпкердің намыс жолындағы қайсарлығы, ауыр дерт пен тағдыр тауқыметіне мойымай, өмірге қайта оралуы – оқырманға жігер мен үміт сыйлайды. Бұл – автордың өз өмірінен алынған шынайы, жүрекке жақын туынды.
Кеш барысында:
– автордың өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетілді.
– Әл-Фараби кітапханасының көрмелік-бұқаралық іс-шаралар секторының басшысы Айгерім Алдабергенова «Бибі-ана» әнін орындады.
– Шымкент қалалық көзі көрмейтін және көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана қызметкерлерінің «Бибі-Сана» кітабынан сахналық қойылым ұсынылды.
– Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы қызметкерлерінің әдеби композициясы оқылды.
– әдебиеттанушылар мен зиялы қауым өкілдерінің талдауы тыңдалды.
Рухани тереңдікке жетелейтін әдеби кешке әдебиет сүйер қауым, студенттер мен ұстаздар, БАҚ өкілдері қатысты!
Модератор - кітапхана қызметкері Мейіржан Жарылқап.
#БибіСана
#БибігүлИманғазина
#КітапТаныстырылымы
#ӘдебиКеш
#ӘлФарабиКітапханасы
#РуханиҚұндылық
#ҚаламгерҚайраткер