Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл құтты болсын! 
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы барша ардақты оқырмандарды және қала тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Өткен жыл — руханиятты жаңғыртқан, кітап пен оқырман арасын жақындатқан, мәдени байланыстарды нығайтқан мазмұнды жыл болды. Алда келе жатқан Жаңа жыл әр шаңыраққа береке, әр жүрекке үміт, әр қадамға сәттілік сыйласын!
Кітапхана — білім мен парасаттың, тарих пен тағылымның ордасы. Жаңа жылда да сіздермен бірге оқу мәдениетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, заманауи ой мен терең танымды тоғыстыру жолында қызмет етуді жалғастырамыз.
Жаңа жылда дендеріңіз сау, еңбектеріңіз жемісті, ойларыңыз озық болсын! Кітап пен руханиятқа толы жарқын жыл болғай! 
Ізгі тілекпен,
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Абусайылқызы ЖАППАРҚҰЛОВА
және кітапхана ұжымы 