Кітапханаға қымбат сый
Кітапханаға қымбат сый
Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Ал кітапты сыйлау – асыл тастардан да құнды.
Талантты журналист, ақын, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығының иегері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай өзінің «Қаламға қонған құт» атты төрт тараудан тұратын жинағын кітапханамызға сыйға тартты. Жинаққа тұғырлы тұлғалар туралы танымдық-зерттеу мақалалары, ұлттық құндылықтар, ата дәстүр, әр жылдары жазылған жырлары топтастырылған. Бұл жинақ алдағы уақытта кітапхана қорына енгізіліп, оқырман қауымға ұсынылады.
Қаламына құт қонған қарымды журналистің кітаптары қаламыздағы барлық кітапханаларға таратылды.