ҚМДБ Шымкент қаласындағы өкілдігі мен Әл-Фараби кітапханасының бірлесе өткізген ДІН мен ДӘСТҮР атты рухани семинар өтті.
Алдымен кітапханамызды аралап, жақынырақ танысқан имамдар кітапхана қызметкерлерімен дөңгелек үчтел басында кездесті.
Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы бастаған имамдар корпусы алдағы уақытта кітапханамызбен бірлесе түрлі шаралар атқаруға ниетті екенін жеткізді.
Рухани семинарды кітапхана басшысы Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова ашып, кітапханамыздың тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті.
Мұхаммеджан Естеміровтың “Намаз оқып үйренейік” атты авторлық кітабын тарту етіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен ашылған кітапханамыздағы имандылық бұрышының кітап сөресіне қойылды.
Екі тараптың да ұсыныстары қабылданып, алдағы уақытта қаламыздың руханиятына үлес қосатын игілікті жобалар талқыланды.
Өз кезегінде имамдар корпусы кітапханамыздың толыққанды оқырманы болып тіркелді.